Олимпиаданың аяқталуына бес күн қалды: медаль көрсеткіштері бойынша көш басында кімдер тұр

Әзірге АҚШ спортшылары көш бастап тұр, олардың қоржынында 86 медаль бар: 24 алтын, 31 күміс және 31 қола.
ХОК ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, американдықтардың басты бәсекелестері-Қытай спортшылары-жалпы есептің екінші орынында. Оларда 59 медаль (22, 21, 16) жинағы бар.Үздік үштікті Австралиялық 35 (14, 12, 9) спортшылар аяқтап тұр. Ал, Қазақстан құрамасы отызыншы орында көрінуде. Әзірге, ел қоржынында 5 медаль бар: 1 алтын, 1 күміс, 3 қола.