“Намаз, салауат, дұға, зікір айтыңыз”: Фариза Төреәлі жүкті келіншектерге ақыл айтты

Танымал блогер, кәсіпкер, коуч Фариза Төреәлі жүкті келіншектерге ақылын айтты. |
Бұл туралы ол Instagram желісіндегі парақшасына жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Иә, үлкен жауапкершілік болғасын саналы түрде ана болуға дайын болу керек деп ойлаймын. Кішігірім кеңестер:
⁃ Аллаға жақындаңыз, өте көп дұға етіңіз. Жүкті әйелдің дұғасы қабыл
⁃ жаман әдеттерден арылыңыз, бос әңгіменің орнына жақсы білім алыңыз
⁃ тек позитивті жаңалықтар естіңіз, негативтен максимум аулақ болыңыз
⁃ сізге рахат алып келетін істермен шұғылданыңыз, бақыт гормондары көп бөлінеді
⁃ көбірек руханиятқа мән беріңіз: намаз, салауат, дұға, зікір
⁃ баламен көп сөйлесіңіз, ол бәрін сезеді
⁃ сәбиіңіз үшін дұғаларды тоқтатпаңыз, ата-ананың балаға деген дұғасы қабыл", — деді Фариза Төреәлі.