"Сені жақсы көремін, балам": Депутат Дәулет Тұрлыханов ұлына қоңырау шалып, жылап қалды (ВИДЕО)

Танымал спортшы, депутат Дәулет Тұрлыханов "Динамен дұрыс" бағдарламасында ұлына хабарласып, жылап қалды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Эфир барысында журналист Дина Төлепберген депутаттан ұлдары Әкежан мен Ерасылға хабарласуын сұраған.
"Жылататын болыпсыз ғой... Әкежан, қалың қалай? Мен сені жақсы көремін, балам", — деп көзіне жас алады ол.
Депутат көзіне неліктен жас үйірілгенін, неге мұндай сөздерді айту қиын екенін түсіндірді.
"Тәртіп. Жылулық керек (балаға — еск.). Жылулықты шеше берсін деп ойлаймыз ғой", — деді Дәулет Тұрлыханов.