"Неге бензинді Ресейден аламыз": Энергетика министрлігі жауап берді

"Неге бензинді Ресейден аламыз": Энергетика министрлігі жауап берді


Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов жанармай бекеттерінде АИ-95 бензині неге тапшы екенін түсіндірді.

Оның айтуынша, АИ-95 қоры 19 күнге жетеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

"Шымкент мұнай өңдеу зауытында болған соңғы жағдайды білесіздер. Бүгінгі таңда онда тек АИ-92 шығарылып жатыр. Біз қазанда АИ-95-ке жағдай тұрақталады деп отырмыз. Мұның себебі Шымкенттегі зауытта жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты. Қазір елдің оңтүстік өңірлерін Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өнімдері қамтамасыз етіп отыр", — деді ведомство өкілі.

Вице-министрдің атап өтуінше, еліміздің жер көлемінің кеңдігіне байланысты Қазақстанның батысынан оңтүстігіне (бензин) өнім жеткізу біраз уақыт алады.

"Осы ай елімізде, әсіресе демалыс күндері АИ -95-ке сұраныс артқаны байқалады. Сондай-ақ Ақкенженов тапшылыққа тағы бір себеп — демалыс күндері мұнай базаларының жұмыс істеуінде жатыр", — дейді ол.

Сонымен қатар Ерлан Ақкенженов АИ-95 бензинінің бір бөлігі Ресейден жеткізілетінін атап өтті.

"Биыл Қазақстан АИ-95 бензинінің 40 мың тоннасын импорттауды қарастырды. Бүгінде тиісті келісімшарт жасалды. Импорт тамызда болады. Бірінші импорт – 19 мың тонна (АИ-95). Ол бірнеше ай болады. Шымкент МӨЗ толық қуатына көшкенде АИ-95 бензиннін өндіруді бастаймыз", — деді вице-министр.