Қазақстанның оңтүстігінде алғаш рет банан өсіріле бастады

Қазақстанның оңтүстігінде алғаш рет банан өсіріле бастады


Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.

Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды.

"Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді", — деп атап өтті ведомство.

Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.

Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ долларды құрайды.